Басып шығару
Категория: Мектеп жаңалықтары

278108678 1185160998922459 6593989614558421643 n

Ілімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.
КММ «Октябрьское орта мектепте» 11сәуірден бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім жолын бастаған , бастауыш - білім бастауы» атты апталығы бастау алды. Оқушылары 11 мен 15 сәуір аралығында жоспарланған іс-шараларға қатысады. Апталық мақсаты оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу; білімдерін одан әрі жетілдіруге бағыттау. 11.04 күні «Білім әлеміне саяхат» атты апталықтың салтанатты ашылуы өтті.